ЖОБА ТУРАЛЫ:
ЖТН №АР15473292 2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асырылып жатқан «ХХ-ХХІ ғасырдағы отбасы тарихының ретроспективасы: Қазақстандағы дәстүр мен модернизмнің визуалды болмысы» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы
Замануи отбасындағы «дәстүр» мен «модернизмнің» үйлесімін микротарих тұрғысынан ХХ-ХХІ ғасырдағы визуалды дерек көздері негізінде Қазақстандық отбасының өмір салтын әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде зерделеу, отбасылық дәстүрлер мен олардың мәні, үйдегі материалдықортаның, отбасы мүшелерінің іс-әрекеті мен тұлғааралық қарым-қатынасының бірлігінің тарихи өзгеру жолын зерделеу.Отбасы ұяшығы өмір салтының яғни дәстүрлерінің отбасын сақтаудағыфункцияларын анықтау.
1.Деректік базаны қалыптастыру: Қазақстандағы ХХ-ХХІ ғасырдағы отбасы тарихын бейнелейтін аудиовизуалды деректер, Қазақстандағы отбасының мәдени жадының аудиовизуалды бейнелерін тарихи сәйкестендіру процестерінің репрезентациясына бағытталған түрлі дереккөздердің бірі әлемуеттік желілер, сайттар мен топтардың медиаконтентінде көрсетілген ақпаратты өңдеу. Отбасы дәстүрлері мен болмысының өзгеру эволюциясы туралы мәдени естелік және оның көркем, деректі және әуесқой фильмдерде, белгіленген кезеңнің фотоқұжаттарын жинақтау.
2. Жинақталған визуалды деректер негізінде (мәселен фото альбомдар) отбасы мүшелерінің гендерлік мәселесі яғни үйдің үлкендері, ата-ана, балалар, туысқандық байланыстар, осы топтардың арасындағы өзара қатынастардың дамуының айнасы ретінде қонақжайлылық дәстүріне ерекше тоқталу, заманауи әлемдегі отбасылық мерекелердің көбеюі мен олардың отбасы қатынасының дамуындағы орнын анықтау, қазақстандық отбасы ұғымындағы ерекшелігіне сипаттама беру арқылы, отбасындағы отағасы мен жарының рөлдерінің трансформациялық өзгерістер, отбасылық кризистер. Отбасы мен бала тәрбиесі. Отбасының сыртқы қоғаммен қатынасы тіл, дін, діл мәселелеріне жеке тоқталып тарихи зерделеу.
3.Білім мен ғылымның интеграциясы: Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, тарих, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану білім беру бағдарламасының бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейінің білім алушылары және Алматы қаласындағы гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларына ғылыми жобатуралы ақпаратты кеңінен танымал ету. Жастарды осы ғылыми жобаға тарту негізінде, өз отбасының тарихы туралы білуге, кіші отандарындағы дәстүр, мәдениет, ұрпақтар сабақтастығы туралы ХХ-ХХІ ғасырдағы визуалды құжаттарды жинап, репрезентациялауға арналған ашық сабақтарын, ғылыми семинарларын, фото көрмелер, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру арқылы, болашақ жас өспірімдердің бойында отбасы құндылықтарын сақтауғадәріптеу, отбасы жадын сақтауға баулу.
4. 2022 жыл Қазақстанда «Балалар жылы» деп жарияланған. Мемлекет басшылысы Қ.К. Тоқаевтың: «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» тапсырмасы аясында, отбасы баланың өсіп өну, тәрбие мен мәдениет қалыптастыру, адами қатынастардың ережелерінің қалыптастыратын мекені болғандықтан отбасы тақырыбын қозғайтын зерделеу жұмыстарды көбейту мақсатында жоба бойынша алдымызға қойған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу. Сонымен қатар парасатты, көпұлтты және бір тұтас, жоғары саналы, отбасы құндылықтарын сақтау арқылы, мемлекетімізідің тарихын қастерлей білетін «Жаңа Қазақстан» концепциясын тиімді жүзеге асыру үшін жоғары интеллектуалды қоғам қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен де биік» бағдарламалық мақаласының идеялары аясында ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Жоба тақырыбы отандық тарих ғылымы үшін жаңа болып табылады. Біздің ғылыми зерттеу тобымыздың көтергелі тұрған тақырып бойынша бастама ғылыми жұмыстарымыз бар. Атап айтсақ, 2013 жылы Д.Б. Асымова "ХХ ғ. 20-30 ж. ж. Алматы қаласының күнделікті өмірі кинофотофоно құжаттарындағы көрінісі" тақырыбында PhD философия докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. Д.Б. Асымова Қазақстан бойынша алғаш рет Алматы қаласы тұрғындарының күнделікті тұрмысын ғылыми талдаудың негізгі көзі ретінде аудиовизуалды құжаттарды пайдалану тақырыбын көтерді. Диссертацияда отбасылық өмір тақырыбы қозғалды, отбасының көрінісі мен көрсетілген кезеңдегі азаматтардың отбасылық қатынастарының бейнелеріне семиотикалық талдау жүргізілді. Докторлық дисертациядан кейін тарихи жадыны визуализациялау, ХХ ғасырдың тарихи зерттеулерінде технотронды құжаттарды қолдану тақырыптары көтерілген бірқатар ғылыми мақалалар жарияланды.